Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүлейменов кредит алу қиындайтынын айтты

12:50, 11 наурыз 2024 253

Қазақстанда несиесі бар азаматтардың тұтас ақпараттық жүйесі құрылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді қарыз алушының тұтынушылық, автокөлік кредитері,ақшалай қарыздары мен ипотекасы туралы барлық мәлімет өңделеді.

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы оның барлық несиесі туралы ақпарат жиналады. Яғни, ипотекасы, автокөлік алған кредиті, тұтынушылық кредит пен ақшалай қарыздары туралы барлық мәлімет өңделеді. Осы ретте тұтас ақпараттық жүйе құрылады. Осы арқылы біз азаматтарымыздың сансыз кредит алып, қарызға белшесінен батуына жол бермейміз", - деді Сүлейменов "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаттары заңға енгізілген бірқатар түзетулерді мақұлдаған болатын. Енді 90 күн бойы қарызын өтемей жүрген азаматтарға несие берілмейді. Ал өтелмеген несие бойынша өсімпұл салуға тыйым салынады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар