Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық: 1400 дүкені бар сауда орталығы өртке оранды

14:59, 12 мамыр 2024 453

Польшада 1400 дүкені бар ірі сауда орталығы өртке оранды.

Өрт сөндіру қызметі орталықтың 80 пайыздан астамы өртеніп жатқанын хабарлады. 50 топ құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр. Оның ішінде химиялық және экологиялық құтқару мамандары да бар. 

Жергілікті телеарналар таратқан кадрлардан аймақтан қою қара түтін көтерілгенін көруге болады. Билік варшавалықтарға өрт туралы ескертіп, терезелерін жауып үйден шықпауды ескертті.

Полиция зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар