Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса Дмитрий Бивол мен Екатерина Биволға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.
Клара Исаның айтуынша, кейінгі кезде әлеуметтік желідегі оқырмандары Биволдардың дауына қатысты пікірін сұрап, жиі сұрақ қойып, мазалайтынды шығарыпты. Ол осындай мазмұнда сұрақ қоятын желі қолданушыларына ортақ жауап беріп, нүктесін қойды.
"Бивол туралы сұрай бермеңіздерші. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз. Идеал адам болмайды ғой. Менің ойымша, Катяға обал деп емес, Димаға обал болды деген дұрыс шығар. Себебі ол бәрін жоғалтты. Отбасын, балаларын, әйелін, титулдарын. Ал Катя аяққа тұрып кетеді", - деп жазды ол желіде.
Еске салайық, жақында кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволға бұрынғы әйелі талап қойып, екі баласына үй әперу туралы шарт қойған. Танымал спортшының отбасылық мәселесі желіде талқыға түскен еді.
Айта кетейік, жақында Жанқош Тұраровтың да басы дауға қалып, оған "қыз зорлады" деген айып тағылды. Әнару Қалдыбекқызы есімді ару қазақстандық боксшының үстінен арыз жазып, жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын хабарлаған еді. Осы оқиғалардан кейін спортшының әйелі Клара Исаға да түрлі сұрақтар қойылды. Алайда әйелі Жанқош Тұраровқа сенетінін, бұл оқиғаға бола отбасының шырқын бұзып, күйеуімен ажыраспайтынын жеткізді.