Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сусүзгі орнатамыз деген ұрылар зейнеткердің 100 млн теңгесін үптеп кетіпті

12:00, 14 наурыз 2024 307

Ұрыда мейірім болмайды. Петропавлда қаскөйлер зейнеткерден 100 миллион теңгесін ұрлап кеткен.

Ұрыларды криминалистер қорапта қалған саусақ іздері арқылы тауып алған. Оқиға былтыр маусымда болған. Петропавлдағы егде жастағы әжейдің пәтеріне суға арналған сүзгі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынған екі жас жігіт келген. Ақкөңіл әжей шақырылмаған қонақтарды үйге еш алаңдамастан кіргізді.

Жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмады. Әжей көрші бөлмеден ақша алып шығып, орнатқан құрылғы үшін төлем жасады. Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған еді. Алаяқтар әжейді алдамақ болып, спектакль ойната бастаған. Олардың біреуі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 млн теңге ақшасын жымқырып кеткен.

Әжей ақшасы ұрланғанын бірнеше күннен кейін бірақ байқаған. Оқиға орнына криминалистер келген. Саусақ іздері бойынша қылмыскерлердің жеке басы да анықталды. Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавл қаласында тұрақты тұратыны белгілі болды. Криминалистің кәсіби іс-қимылы негізінде қылмыс қысқа мерзімде ашылды, қаскөйлер ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар