Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Сотта Бишімбаевтың бар айғақтары жоққа шығарылды

14:07, 09 сәуір 2024 616

Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста сот-медициналық сарапшы Халимназаров Бишімбаевтың айтқан жауаптарын жоққа шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.

Прокурор сотта сарапшыға адам ми жарақатынан кейін ұйықтап жатқандай қорылдауы мүмкін бе? Деген сұрақ қойды.

"Жоқ, әрине. Бұл жерде бұл жарақат, асфиксия құбылысы, сөзсіз, жедел тыныс алу жетіспеушілігі болады. Мұндай құбылыс дамығанда жедел тыныс жетіспеушілігі, тыныс алу бұзылады және оны қорыл ретінде қабылдауға болады, бірақ бұл жағдайда ұйықтап жатқан адамның қорылы емес. Ұйықтап жатқан адамның қорылы тұрақты, тыныш, бірақ бұл жағдайда ол булығады, оған ауа жетпейді. Кез келген адам адамның тыныш ұйықтап, қорылдағанын түсінеді. Бұл - қырыл", - деп түсіндірді Халимназаров.

Судья нақтылау үшін сұрақ қойды: адам қорылдауды қырылдан анық ажырата ала ма?

"Қорыл бір қалыпты, тыныш. Адам қырылдаған кезде тыныс жетпейді. Қырылдау сипаты мынадайы, тыныс алу ауырлайды, тыныс алу орталықтарында қысым пайда болады", - деп қосты Халимназаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар