Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суыртпақтап лас әңгімеге тарту: Дана Нұржігіт Нұрсейіт Жылқышыбайға қатаң сөгіс айтты

10:47, 27 тамыз 2024 2636

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.  

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Зілтемерші Илья Ильин досы Алмас Өтешовты емдетіп жүргенін көріп оған алғыс айтты.

“Мұны ТЕКТІЛІК дейді. Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді”,- дейді Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ тележүргізуші Нұрсейіт Жылқышыбайға сауал тастады.

Осы жерде менің қояр сұрағым тек “Уақыт көрсетеді” жобасының авторына ғана. @nurseiitzhylkyshybai Ауыр диагноз-алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?!», — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар