Алматы облысында көз жұмған 16 жастағы жасөспірімнің өлімінің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкенде басталған.
Туыстарының айтуынша, ер адам сауда нүктесінен бір құты сыра алған, бірақ оның ақшасын төлегісі келмеген, сөйтіп ұрыс-керіс басталған. 16 жастағы Шерзат пен оның ағасы әкесін жақтап, клиенттен кетуін өтінген. Бірақ оның орнына жанжал шығарған азамат достарына қоңырау шалған. Ақырында дүкенге үш көлік толы адамдар келген.
"15-20-дан кем емес адам келді. Олардың арасында үш-төрт қыз болды. Барлығы жас, бірақ өздерін аңдар сияқты ұстады. Тіпті мылтықтары мен пышақтары болған”, – дейді көз жұмған жігіттің тағы бір туысы Күләш Римова.
Шерзат үйіндегі бес баланың ең үлкені. Сондықтан кішілерге үлгі болуды армандаған. 10-сыныпта оқып жүрген жасөспірім әскери училищеге түсуге дайындалыпты.
Полиция дерегінше, оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды