Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші Тамара Асар қыз ұзату туралы ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Әнші бұл туралы журналист Дина Төлепбергеннің "Din Dina Show" жобасында айтты.
"Қазақ – өте ырымшыл. Қазақтың қызын ұзататын әнші емес, қазақтың қызын ұзататын – екі жағында тұратын, қолтық сүйеген жеңгелері. Жеңгелері дұрыс болуы керек. Әнші тек сол жүрісіне байланысты ән орындайтын адам. Ол тек әнін орындап, екі қолын екі жеңгесіне беріп кетеді. Сондықтан қай әнші, қай әншінің әні ұнайды, соны ғана таңдау керек. Әншінің тағдырын емес", - дейді Тамара Асар.