Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы мекемелердің бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Артынша төбелес орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде тараған видеодан бірі екіншісін көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Ер адам оны жерге құлатып, бетінен бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған.
Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған. 22 жастағы күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр екен.