Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тайқазанға, Кенесарының басына түкте байланысты емес. Қазан келгелі араққорлық, нашақорлық басталды". Әзілкеш даулы мәлімдемесімен елдің ашу-ызасын тудырды

15:49, 26 қыркүйек 2024 531

Танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек тайқазанға, Кенесары Қасымұлына қатысты пікір білдіріп, қоғамда дау тудырды. Мәлімдемесі арқылы көпшіліктің ашу-ызаға булықтырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ғалымбек Құрманбек тайқазанды елге әкелу арқылы Қазақстанның көсегесі көгеріп кетпегенін айтады. Қайта оның айтуынша, кезінде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков Түркістанға тайқазанды әкелген күні Қазақстанда зұлымдық бастау алып, нашақорлыққа жол ашылған.

"Қазан келген күні зинақорлық, жемқорлық, араққорлық, нашақорлық басталды",- дейді әзілкеш.

Сонымен қатар, көпшілік үшін киелі саналған Тайқазанды "темір шойынға" теңеп, Қазақстан тарихындағы өзіндік орны бар ұлы тұлға Кенесары Қасымұлының басын "қураған сүйек" деп баяндады. 

Бұған қатысты әлеуметтік желі жұртшылығы даурығып, әзілкешті заңға сай жауапқа тартуды талап етіп жатыр. 

Еске сала кетейік, әзілкен бұған дейін де дін үшін астыртын күреске шақырған Ғалымбек Құрманбектің үстінен бір топ азамат тиісті органдарға шағым түсірген еді.

Ол өз сөзінде «Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр жер үшін емес, Ислам діні үшін соғысты» деп, айды аспанға шығарған. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар