Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тамақ әкеліп, кредитті төлеп берсеңіздер 12 жасқа дейін үйде отырамыз: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын ренжітіп алды

10:09, 03 желтоқсан 2024 491

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездескені туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Актрисаның айтуынша, кездесу барысында қайырымдылық қорларының кәмелетке толмаған балалардың фото-видеосы арқылы қаражат жинауына тыйым салу, жасөспірімдерді қолдау үшін сенім телефонынан бөлек бірнеше алаң құру қажеттілігі сияқты мәселелер талқыланған.

«Динара Болатқызы бұл қызметте екі жылға жуық уақыт болды. Оның жұмысына үнемі назар аударып келемін. Ең үлкен жетістігі – еліміздің барлық аймағындағы қорғаншылық органдарының қызметкерлерінің санын арттыру талабын қоюы. Бұл қадам балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алуға үлкен әсер етеді», – деп санайды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ, актриса Динара Закиеваның 12 жасқа дейінгі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды енгізу ұсынысын еске салды. Осы орайда ол өз оқырмандарына бұл туралы пікірлерін сұрады.

Алайда пікір қалдырушылар омбудсменнің бастамасын қолдай қоймады:

 «12 жасқа дейін үйде отырып, балаға қараймыз. Егер сіз бен Закиева бізге тамақ әкеліп, кредитімізді төлеп берсеңіздер ғана».

«12 жасқа дейін төлем жасаңыздар, біз отырамыз. Әр баланың күтушісі мен жеке жүргізушісі жоқ қой. Үйде отырып, баланы қалай асыраймыз?».

 «Айту оңай. Біз де балалық шағымызды жіберіп алғымыз келмейді. Бірақ жалғызбасты аналар не істейді?».

«12 жасқа дейін балаларға кім қарайды? Ата-аналардың көбі жұмыс істейді»,- деп жазды оқырмандар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар