Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таразда екіқабат әйел перзентханада өз-өзіне қол жұмсады

10:36, 16 сәуір 2024 716

Аяғы ауыр келіншек перзентханада өз-өзіне қол жұмсады. Жамбыл облысы Сарысу ауданының 33 жасар тұрғыны екені анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Басқарма мәліметінше, оқиға Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 10 сәуір күні орын алған. Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің он алтыншы аптасында болған.

«Жүкті әйел жалған толғақ диагнозымен ОПС бақылауында болды және тиісті ем алды. Жүкті жағдайда болған кезде психологиялық ауытқулар байқалмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары 105-баптың 1-бөлігі, яғни, өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, марқұмның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6 жаста болса, екеуі балабақшаға барады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар