Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихта алғаш рет: бір қолы мен аяғы жоқ қарағандылық Бурабайды жүзіп өтті (ВИДЕО)

14:41, 15 тамыз 2024 641

Қарағандылық паралимпиадашы Ақназар бір аяғы мен қолы жоғына қарамастан жүзуден рекорд орнатты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

26 жастағы Ақназар Қазақстан тарихында алғаш рет Бурабай көлін бір қолы мен аяғы арқылы жүзіп өтті.


«2018 жылы 5 сәуірде мен денемнің ең қажетті мүшелерін, қолым мен аяғымнан айырылдым. Бірақ мен өзімді жоғалтқан жоқпын! Аллаға, отбасым мен жақындарыма рақмет, мен өзімді мүмкіндіг шектеулі жан ретінде еш сезінген жоқпын. Осы үшін мен отбасыма, жақындарыма және жаратушыға барлық нәрсе үшін алғыс айтамын!

Өмірімдегі ең қиын сәттерден кейін, мен өзіме өмір сүруге күш беретін істі таптым, ол- жүзу. 

2019 жылы ампутациядан кейін мен алғаш рет жүзуді Балқаш көлінде сынап көрдім. Бір қолым мен бір аяғым арқылы суда өзімді жақсы сезіндім. Мен тек бір нәрседен алаңдадым, ол – тура жүзе алмауым, себебі менің оң қолым мен аяғым ампутацияланды, яғни мен тек сол жағыммен ғана жүзе аламын, және мен сол жаққа қарай жүзіп кетемін деп ойладым.

2024 жылдың 31 наурызында мен 400 метр қашықтыққа еркін жүзуден Қазақстан чемпионы атандым. Биылғы жылдың мамыр айында өзіме Бурабай көлін жүзіп өту мақсат еттім. 6 тамызда 1 сағат 8 минутта 2,5 км жүзіп өттім. Әрбір жүзудің өз мақсаты бар. Менің жүзуімнің мақсаты – Гиннестің рекордын орнату және осылайша бүкіл әлемге Бурабайды көрсету»,- деді чемпион.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар