Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тасқыннан кейінгі атқан таң. Орал маңындағы саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді

10:12, 15 маусым 2024 372

Орал қаласы іргесіндегі саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді. Жаңа пәтерлер демеушілердің қаржысына сатып алынған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы

БҚО әкімдігінің хабарлауынша, Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды. 

Президент, Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беріп жатқаны хабарланды.

Комарово саяжайының тұрғыны Айнаш Сәменованың жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кіріп, өз сезімін бөлісті.

"2017 жылы Комарово саяжайынан үй салып, отбасымызбен тұрып жатқан едік. Көктемгі тасқын кезінде үйімізді су басты. Қазір, міне, жаңа пәтердің кілтін қолымызға алдық. Қаланың орталығында жаңа үйде тұрамыз деп күткен жоқпыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін", – деді Айнаш Сәменова.

Негізінен алғанда, бүгінге дейін Орал қаласындағы саяжайда жалғыз үйлерін су басқан 71 отбасыға баспана берілген. Жергілікті әкімдіктер бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табатынын айтып отыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар