Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Таза Қазақстан” жобасы елді экологиялық мемлекетке айналдырмақ

13:13, 14 маусым 2024 370

"Таза бейсенбі" акциясы "Таза Қазақстан" жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болады.

Мемлекет басшысының “Таза QAZAQSTAN” жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының “Таза бейсенбі” акциясы бастау алды.

Акцияға “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының міндетін атқарушы Бекайдар Тулегенов, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, қалалық “Жастар рухы” ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 200-ге жуық акцияға қатысушылар А-2 жолының бойын қоқыстан тазартты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар