Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

TikTok-қа тыйым: Халықаралық тәжірибе не дейді?

13:12, 28 сәуір 2024 384

Тикток басшысы  Шоу Цзы Чу  Қытайдың компартиясымен жұмыс істемейтіндерін және оларға барлаушы қызметін атқармайтынын мәлімдеді.

Коллаж: 24 канал
Коллаж: 24 канал

Қазір еңбектеген бала да, еңкейген қарт та әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады. Бірақ TikTok сынды желінің стримінде көбінесе боқтық сөздер айтылып, бірін-бірі келемеждейді. Тіпті блогерлер миллиондаған көрермендерін таң-тамаша қылу үшін тікелей эфирде беттеріне сурет салып, ойына келгендерін істейді. Өйткені олар осы арқылы ақша табады, танымал болады. Бүгінде аталмыш әлеуметтік желіге бірнеше елде шектеу қойылды. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы TikTok желісіне қатысты әлемдік тәжірбиеде қандай әрекет жасалып жатқанына шолу жасамап көрді деп хабарлайды alash.kz.

Мәселен Қырғызстанда Қытайдың «TikTok» әлеуметтік медиа платформасына кіруге шектеу қойылды. Бүгінде елдегі пайдаланушылар «Google», «Opera» және «Safari» сияқты браузерлер арқылы «TikTok» қолданбасына кіре алмай отыр.

Алайды ұялы телефондардағы «Apple» және «Google Play Store» қолданбаларынан орнатылған «TikTok» нұсқасы жұмысын жалғастыруда.

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі «TikTok» әлеуметтік желісін бұғаттау туралы өтінішті Цифрлық даму министрлігіне өткен жылдың тамыз айының соңында жолдады. Нәтиесінде Цифрлық даму министрлігі интернет-провайдерлерге «TikTok-қа» қолжетімділікті шектеу туралы хат жолдады.

Коллаж: jambylinfo.kz

Бұдан бөлек көршілес Ресей елінде де TikTok-ты қолдануға тыйым салынуы мүмкін. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді кәсіби қолданушылар қауымдастығы Роскомнадзорға Ресейде TikTok-ты бұғаттауды қарастыруды ұсынды. Реттеуші өтінішті қабылдап, оны 8 мамырға дейін қарастырады. 

TikTok қосымшасы қазір Ресейде жұмыс істеп жатыр, бірақ тек екі жыл бұрынғы бейнероликтер қолжетімді. Қауымдастықтың еске салғанындай, блогерлер сол арқылы қаралымнан түскен табыстан айырылды.

Шын мәнінде, бұл платформаның бүгінде Ресейде жасайтынының бәрі пайдаланушыларды TikTok-ты алмастырған отандық платформалардан алыстатады, - деп санайды қауымдастық. 

Қауымдастықтың мәліметінше, платформа 2019 жылы деректерді локализациялауға дайын екенін білдіргеннен кейін заңның орындалуы туралы қоғамдық хабарламалар болмаған. Сарапшылар, сонымен қатар, әлеуметтік желіде ұсыныс алгоритмдері туралы заңға сәйкестік белгілерін таба алмады. 

Егер заң бұзушылықтар анықталса, қауымдастық Роскомнадзордан "ең қатаң жазалау шарасы" – Ресей аумағында бұғаттауды қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

NurPhoto / Contributor / Getty Images

Бұдан бөлек АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы қабылдаған заң жобасы Tik-Tok-тың қытайлық иесін әлеуметтік желіні басқа иесіне беруге міндеттейді. Tik-Tok-қа тыйым салу АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. АҚШ-тағы сыншылар әлеуметтік желіні Қытай үкіметіне жақын және пайдаланушылардың жеке деректерін заңсыз пайдаланды деп айыптайды. Tik-Tok менеджменті барлық айыптауларды жоққа шығарды. АҚШ-тағы әлеуметтік желіні 170 миллион адам пайдаланады, бұл ел халқының жартысына жуығы.

Президент Джо Байден жаңа заңға қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Tik-Tok иелері сотта заңға қарсы шығу ниетін білдірді. Олар АҚШ Конституциясына бірінші түзетуді бұзу дерегіне жүгіне отырып, Tik-Tok-қа тыйым салса, америкалықтар өз пікірлерін еркін білдіру үшін платформаға қол жеткізе алмайды, деген дәлел келтірді. Сондай-ақ Норвегия мен Үндістан да аталмыш желіге шектеу қойған елдердің қатарында. Соңғы мәлімет бойынша, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Бельгия, Жаңа Зеландия мемлекеттік қызметшілері мен Еурокомиссия қызметкерлеріне қосымшаны пайдалануға ресми түрде тыйым салынды.

Фото: kz.kursiv.media

Осыдан кейін TikTok шынымен қауіпті ме, деген сұрақтың туындайтыны сөзсіз. Сонымен, TikTok-қа қатысты ең үлкен үш кибер алаңдаушылық қандай және қытайлық компания оларға қалай жауап қайтарып жатыр? 

1. TikTok деректерді "тым көп" жинап жатыр

TikTok өзінің деректер жинауын "салалық тәжірибеге сәйкес келеді" деп есептейді.

Сыншылар болса, TikTok-ты тым көп дерек жинайды деп жиі айыптап жүр. Бұған дәлел ретінде олар австралиялық Internet 2.0 киберкомпаниясының зерттеушілері 2022 жылдың шілдесінде жариялаған киберқауіпсіздік жөніндегі есепті жиі келтіреді.

2. ТикТокты Қытай үкіметі тыңшылық үшін пайдалануы мүмкін

TikTok өзінің толық тәуелсіз екенін және "Қытай үкіметіне пайдаланушылардың деректерін бермегенін және сұраса да бермейтінін" мәлімдеп келеді.

Дегенмен, құпиялар жөніндегі сарапшылардың ойынша, көпшілігіміз жеке деректердің көп бөлігін беруді әлеуметтік желілермен жасасқан мәміле деп қабылдайды екенбіз.

3. TikTok-ты "миды жуу" құралы ретінде пайдалануға болады

2022 жылдың қарашасында АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының директоры Кристофер Рэй америкалық заң шығарушылардың алдында "Қытай үкіметінің өзгелерге ықпал ету алгоритмін бақылауы мүмкін" екенін мәлімдеді. Және де бұл мәлімдеме бірнеше рет қайталанды.

Дегенмен, тикток басшысы  Шоу Цзы Чу  Қытайдың компартиясымен жұмыс істемейтіндерін және оларға барлаушы қызметін атқармайтынын мәлімдеді.

Фото: disinfo.md

"Біріншіден, біз желі қолданушылар арасында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән береміз. Екіншіден, АҚШ азаматтарының жеке деректері сырттан ұрланбау үшін жіті бақылау жүргіземіз. Үшіншіден, біз Үкімет тарапынан Тиктокты басқаруға немесе жұмысына араласуға жол берілмейді деп уәде етеміз", - деді TikTok платформасының бас директоры Шоу Цзы Чу. 

Ал біздіз еліміз де әлемдік тыйымды қолдауы мүмкін бе? Мәжілістің кулуарында журналистер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға Tiktok желісіне қатысты дәл осы сұрақты қойды. 

Фото: smi24.kz

"Тікtок желісінде көбінесе балалар отырады. Ол жерде түрлі сөздер айтылады. Тіпті, адамдар бал ашып, болжаймын деп ақша жасайды. Кез келген мемлекетте бір жағдайға ғана қарап отырып шешім шығармайды. Барынша жан-жақты мәселені саралап, сараптап барып қана шешім шығарады. Комплексті қарап, комплексті түрде игеріп барып қана шешуге тырысады. Басқа сұрақ бойынша, барлық шешімді 100 пайыз тамаша деп айта алмаймыз. Барлық мемлекеттер қабылдап жатқан шешімді біз де ескеріп, ол тақырыпты игеріп, саралап көреміз", - деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, бұл мәселені әлі қарастырып жатыр.

"Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер өте көбейіп кеткен. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал тигізсе, әлбетте осындай шешім қабылдауға тура келеді. Бұл мәселесі әлі қарастырып жатырмыз. Талқылаулар әлі жүргіземіз", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде белсенді екені жасырын емес. Еліміз бойынша Instagram-ға – 12,1 млн, Facebook-қа – 2,6 млн, ал TikTok-қа 14,1 млн адам тіркелгені сөзімізге дәлел. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар