Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тісі түсіп, беті жансыздана бастаған белсенді Айгерім Тілеужанның соңғы соты өтті

12:36, 16 шілде 2024 1286

15 шілдеде Жоғарғы сот Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталған Әйгерім Тілеужанның шағымын қарастырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 11 шілдесінде Алматы сотының үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Әйгерім Тілеужанның үкімі еш өзгеріссіз қалды. 

Сот отырысы WhatsApp арқылы онлайн режимінде өтті. Бұл бақылаушылар мен БАҚ өкілдеріне процесті толық тыңдауға мүмкіндік бермеді.

Айта кетейік, 2023 жылы 11 шілдеде Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайда тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен Әйгерім Тілеужанды төрт жарым жылға бостандығынан айырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар