Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тісін жұтып қойған сәби үш клиникалық өлімді бастан өткеріп, аман қалды

14:42, 13 маусым 2024 855

Атырауда 5 жасар бала тісін жұтып қойып, тұншығып қалған. Бір өкінерлігі, 3 рет клиникалық өлімді бастан өткерген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Ақ Жайыққа" сілтеп. 

11 маусым күні кешкі сағат 19:23-те «103» пультіне кішкентай бала қақалып жатқаны жөнінде шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минут ішінде жеткен кезде 2019 жылы туған бала ес-түссіз жатқан. 

Баланың тамыры соқпай тұрды, тыныс алмай жатты. Әкесінің айтуынша, бала 10 минут бұрын астыңғы күрек тісін жұтып қойған. Жедел жәрдем келгенше әкесі өз бетінше жүрек массажын жасағанмен, нәтиже болмаған. Фельдшерлер реанимациялық шараларды бастап, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті, 3 циклден кейін бала тыныс ала бастады, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Сабырова.

Реанимациядан кейін де балада кері клиникалық өлім белгісі байқалған. Жедел-жәрдем автокөлігінің ішінде ауруханаға жеткенше үш рет жүрегі тоқтап қалды. Оған жасалған реанимация сәтті болып, бала ауыр жағдайда Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар