Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Той тойлап жүре беріппіз ғой. Қазақтың тойына реформа керек». Роза Әлқожа жаздай тойға барғанына өкінді

18:26, 31 тамыз 2024 2879

Белгілі әнші Роза Әлқожа маңызды мәселе көтеріп,  қазақтың тойына реформа жасау керек екенін айтты,  деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы Ozgeris.Info-ға сілтеп.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жаз да өте шықты иә?! «Жүрсің бе әлде той тойлап» деп тамыз да бітті. Құдалыққа қосқанға мәз болдық па, көңілжықпастық па, айдың аяғында әрнәрсеге мәз боп жүре беріппіз ғой! Сіз ше? Осы айда қанша тойға бардыңыз? Ол той көңілден шықты ма?! Қазақтың тойына реформа керек пе? Тойдағы сізге ұнамаған не нәрсе?», — деп жазған әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарына сауал жолдады.

Роза Әлқожаның әлеуметтік желідегі оқырмандары тойға қатысты түрлі пікір жазып жатыр:

«Қазақтың тойына реформа керек, өте керек дер едім», «Тойдағы ұзақ, ешкім тыңдамайтын тілектерді азайту керек», «Айлығымыз тойға барумен таусылды, тоқтам керек бәрімізге» деген пікірлер жиі кездеседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар