Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Торғай өзені тасыды

09:38, 15 сәуір 2024 783

Ақтөбе облысында Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра ауылындағы қорғаныш бөгетінің топырақ үйіндісі шайылып кетті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауылға су кіре бастады. Оқиға орнында 126 адам бар, оның 119-ы – ауылды құтқару үшін қалған Нұра ауылының тұрғыны. 

Жағдайды зерттеу үшін ТЖД бастығы оқиға орнына Ми-8 тікұшағымен ұшып кетті.

Бұған дейін мұнда топырақ салынған 1100 қап төселіп, 390 тонна инертті материал жеткізілген. 12 және 13 сәуірде Нұрадан 572 адам, оның ішінде 326 бала эвакуацияланды. 242 адам, оның ішінде 156 бала Ырғыз ауылының эвакуациялық пунктіне орналастырылды, 310 адам туыстарына жеткізілді, оның 195-і – бала. 20 адам қайтып келді, 7-і – бала.

Нұра ауылында 112 тұрғын үй бар, 691 адам тұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар