Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке материалдық дүние сыйлай бергенді тоқтату керек деп есептейді. Оның орнына мұндай текті азаматтың ұрпағын көбейту керек деген пікір айтты деп хабарлайды Alash.KZ сайты "1bol" инста парақшасына сілтеме жасап.
Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан кейін елдегі ірі кәсіпкерлер оған үйір-үйір жылқы, қымбат автокөліктер сыйлайтынын мәлімлеген еді.
«Сабыр, ағайын! 100 жылқы, 100 машина сыйланған Бекзат Саттархановты ұмытпаңдар. Байлықтан кенде болмас Елдосжан. Ең алдымен, Алла алтыннан қымбат ақыл сыйласын. Жаратушы бір жанға аздық етпес ұзақ ғұмыр сыйласын. Мен білетін бір тоқтам: Елдоста 30 ұл мен 40 қыз болуы керек. Мұндай асыл жігіттің ұрпағы мол болуға тиіс. Ұлттың байлығы сол болар… Қазақ мұны «тұқым алу керек» дейді. Тұтас 12 жылда төмендемей, бір Олимпиададан бір Олимпиадаға оза шапқан Елдостың тұқымы асыл екен. Енді сол байлықты сақтау керек қазақ үшін. Мал байлық емес, ұрпақ байлық. Машина мінгізіп мұратына жеткізбейміз. Халық болып қоршап, ел болып енші бөліп, жұрт болып жолына құрбан шалсақ қана алтын ұлды сақтай аламыз», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Елдос Сметов соңғы үш Олимпиада ойындарына қатысып, бәрінде жүлде алды. 2016 жылы Риода күміс жүлде жеңіп алса, 2020 жылғы Токио Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады. Ал, күні кеше Париждің алтынын мойнына таққан болатын.
«Тұқым алу керек»: Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев Сметовқа көлік, жылқы сыйлау дұрыс емес дейді
Көбірек оқу
15:59, 25 шілде 2024 0
21:25, 28 шілде 2024 0
"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды
12:37, 23 қараша 2024 91
"Cпорт саласы жылдан жылға нашарлап барады". "Ақжайық" футболшылары таксимен жан бағып жүр
10:01, 23 қараша 2024 100
Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.
19:32, 22 қараша 2024 198
Енелер келінін сурет арқылы дуалайды: алматылық емші қара магия мен жындар туралы айтты
18:23, 22 қараша 2024 303
Ауыл имамы жындар туралы әңгіме айтып, әйелін жылдар бойы қорқытып ұстаған
15:36, 22 қараша 2024 425
"Қол қоя алмаймын": Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден неге бас тартты?
14:18, 22 қараша 2024 3311
"Біз мигранттарға мұқтажбыз". Кремль Ресейдің мигранттарсыз көрген күні қараң екенін мәлімдеді
13:56, 22 қараша 2024 266
Қоғамға пайда әкелетін жоба: Halyk Bank қостанайлық кәсіпкерге балалар клубын ашуға көмектесті
13:26, 22 қараша 2024 160
"Жылдар бойы үнсіз қалды". Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі дүниеден өтті
12:21, 22 қараша 2024 1387