Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркиядан қауіпті күдікті экстрадицияланды

10:08, 16 қыркүйек 2024 440

Түркиядан бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденгені үшін күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz сайтына сілтеп.

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

"Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық қаражатты заңсыз иемденген", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Биыл тамызда ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді.

Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар