Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында емдік қасиеті жоғары өсімдіктің жойылу қаупі бар

13:00, 05 наурыз 2024 517

Түркістан облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Отырар, Арыс, Сарыағаш аудандарында өсетін емдік қасиеті өте жоғары болып саналатын «сасық кеурек» өсімдік алқаптарының жойылып жатқаны туралы бейнероликтерді анықтады.

Жоғарыда аталған аудандарда сасық кеурек дайындау үшін бірнеше фирмалар құрылып, өнім дайындауға шетелдіктердің жұмыс күші тартылған.

Өз кезегінде кеуректі жинап-өңдеу үшін шетелден келетін жұмыс күшіне заңсыз миграция ұйымдастырылуда (бейресми ақпараттарға сәйкес жыл сайын 500-700 адам Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан азаматтары келуде).

Қазіргі таңда оңтүстік өңірде аса бағалы дәрілік өсімдіктің азаюы мен оның жойылуы жердің тозуына, құмның көшуіне алып келеді.

Прокуратура экологиялық зардаптардың алдын-алу мақсатында облыс әкіміне «сасық кеурек» өсімдігін пайдалану құқығын шектеу (пайдалануға тыйым салынған түрлеріне жатқызу) мәселесін қарау жөнінде ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде 27.02.2024ж. облыс әкімдігі кеңес құрып, «сасық кеурек» өсімдігін пайдалану құқығын тоқтату (шектеу) жөнінде нормативтік акті шығару туралы шешім қабылдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар