Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тұрлыхановтың ұлы тағы да дауға қалды (ВИДЕО)

12:48, 14 тамыз 2024 531

Заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сот үкімін орындамай жүргенін айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Нұрасыл Болат тиісті міндеттерді елемей жүр.

"Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген, бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған, 23.00-де ол үйде болуы керек. Сонымен қатар, оның тіркелген жері, пробация да Астана қаласында, ал видео түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар", - деді ол. 

Сондай-ақ, заңгер жауапты органдардан осы жайтқа қатысты тергеу жүргізуді, депутаттың ұлына тиісті шара қолдануды сұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар