Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Түсініксіз қоңыраулар түсе бастады": Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз сотта жеңіліп қалды

09:18, 11 қазан 2024 1078

Алаяққа алданып, ақшасынан айырылып, сотқа жүгінген танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот процесі туралы ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

Ол бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында сот процесі туралы толық жазып, елімізде әділ сот барына сенетінін айтып жүрген еді. Актриса мұндай ашық жазбаларынан кейін қысым көре бастағаны туралы жазды. 

 
 
 
 

"Сот бойынша ашық жаза бастағаным – кейбіреулерге ұнамай қалған сияқты. Қысым көрсетіле бастады. "Үндемесін, жазбаларын өшісін!" деген сәлемдеме алдым", – деп жазды ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астана қалалық полициясының ресми парақшасын белгілеп. 

Жұлдыз Әбдікәрімова бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанын, себебі көп дәлел қараусыз қалғанын айтты. 

"Соттың бірінші отырысы өтті. Алайда осы процесті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін – өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, "сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз переговорға шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!" деген сәлемдеме жолдапты", – деп жазған ол белгісіз біреулерден қоқан-лоқы көргенін де жасырмады. 

Жұлдыз Әбдікәрімова ол адамдарды танымайды екен, кездеспепті де. Кездесіп, келісімге келетін ниеті де жоқ екенін әлеуметтік желі арқылы білдірді. 

"Ескертіп айтамын, мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын, сот процесінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!", – деп жазды ол. 

 

Еске салайық, үй аламын деп алданып қалған жалғыз Жұлдыз Әбдікәрімова емес, бір топ адамды алаяқтар алдап, ақшасын жымқырғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?