Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина армиясы Ресейдің жалдамалы әскерінің базасына соққы жасады

06:51, 15 тамыз 2022 247
[ad_1]



Украина қарулы күштері Луганск облысы Попасная қаласындағы ресейлік "Вагнер жеке әскери компаниясының" базасына артиллериямен соққы жасады.

Базаның қирағанын Украинадағы соғыс туралы ақпарат тарататын бірнеше ресейлік телеграм-арна хабарлады. Арасында соғысқа жалдамалыларды тартып жатқаны жайлы хабарландыру жариялап, "вагнерліктер" туралы жаңалық тарататын телеграм-арна да бар.

Ресейлік әскери тілші Юрий Котеноктің хабарлауынша, базаға дүркіндете ататын HIMARS жүйесімен соққы жасалған. Бұл қуатты қару түрін Украинаға АҚШ берген.

  • АҚШ Украинаға 80 шақырымға дейінгі радиус аралығында ұшатын HIMARS жүйесі мен оған қажет оқ-дәрілерді жеткізген. HIMARS жүйесінде одан да алысқа ұшатын зымырандар бар, алайда олардың жеткізілгені жайлы ақпарат болған жоқ.




[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?