Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина билігі Донбасс тұрғындарын эвакуациялайды

04:04, 31 шілде 2022 320
Украина үкіметі Донецк облысының Ресей әскері жаулап алмаған аудандарында тұрып жатқан тұрғындарды жылыту маусымы басталмай тұрып эвакуациялайды. Бұл жөнінде Украина вице-премьері Ирина Верещук хабарлады.



Оның айтуынша, аталған аудандарда газ құбырлары істен шыққан, сол себепті қыста жылу болмайды.

Верещуктің айтуынша, Донецк облысынан кемінде 200 мың адам эвакуацияланады.

Вице-премьердің сөзіне қарағанда, тұрғындар эвакуациядан жазбаша түрде бас тарта алады. Ондай жағдайда сондай шешімнің салдарына өзі жауап беретіні жайлы қолхат жазып беруі тиіс.

Алдағы уақытта міндетті эвакуация Запорожье облысында жариялануы мүмкін. Мұнда халықтың 65 пайызында газ жоқ.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар