Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұлттар татулығының" ұйытқысы. Мемлекет басшысы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады

09:26, 24 сәуір 2024 485

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.

Орайы келгенде айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы, өз ақпаратында көрсетілгендей, заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар