Оның үздік мүшелері шешендікке шыңдалып қана қоймай түрлі жанрда жазу шеберлігін де жетілдіруде. Нәтижесінде республикалық, өңірлік БАҚ-тан шығармалары жиі жарық көріп келеді. Соңғы 4 жылда жарияланған мақала, эссе, сұқбат, ой-толғау, өлең, журналистік жолжазба, ертегілердің басын қосқан «Дарынның ділмарлары» жинағы оқырманға жол тартты. 35 оқушы мен 6 студенттің(мектеп түлегі) 5 бөлімнен тұратын шағын кітабының айтар ойы мен арқалаған жүгі ауыр. Себебі, біздің талантты оқушылар өткеннің өнегесін танып, өсиетін түсініп, бүгінгі қоғамның мәселесін ұғынып, оны шешу жолдарын ұсынып, келешекті кемелді етуге қадам басқанын аңғартты.
Абайдан алған тәлімін алға тартып, Абайша ойланып, Абайша толғанды. Ең бастысы, халық арасындағы қадір-қасиеті азайып, төрден төменге сырғып, қалт-құлт етіп қағажу көрген Ұлттық шешендік өнердің мән-маңызы мен қызметін барынша бағамдай алған жаңа буынның қалыптасқанын осы кітапты толық оқысаңыз ғана анық байқай аласыз.
Ұлтын сүйген жаңа ұрпақтың талабына нұр жаудырып, қанат бітіріп, шабытын шарықтатқан, кітапқа демеушілік жасаған мектеп түлегі, кәсіпкер, Алматы қалалық мәсілихатының депудаты Дулат Тастекейдің «ASSYLTAS» қоғамдық қоры.
Аталған кітаптың таныстырылымы «Ұлтын сүйген ұрпақ» әдеби-сазды, тарихи-танымдық, рухани кеші аясында өтеді. Онда оқушылар түрлі жанрда өнер көрсетеді. Күні кеше ғана өткен «Жыл шешені» байқауының жүлдегерлері марапатталады. Кешке ұлт, руханият жанашырлары, зерттеушілер, БАҚ өкілдері қатысады.
Ұйымдастырушы:
Абай атындағы РММИ, «Ділмар» шешендік өнер үйірмесі
Уақыты: 23-мамыр, 15:00
Орны:
Алматы қаласы, Митин көшесі 6(Байланыс телефоны: 8705 666 88 90)