Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлы дала жорығы: Қыздар командасының обалына қалғандар кімдер?

12:14, 09 қыркүйек 2024 1717
Көшпенділер ойынында әділетсіздіктер болды ма? Әлеуметтік желіде сондай сарындағы жазбалар пайда бола бастады. Жадыра Саналбековна есімді желі қолданушы жүз шақырымдық жорықтағы заңсыздық туралы былай деп жазды, деп хабарлайды Alash.KZ.
 
"Даудың басы Дайрабайдың қара сиыры деген бәленің бәрі жарыстың 5-күні жарыстан шығарылып жіберілген аттардың қайта қосылуынан басталды. Ветеринариялық мамандар рұхсат етпеген тұлпарлармен ережені бұзып, қайта қосылған командаларға төрешілер марапат кезінде орын беріп, марапат жасады. Әрбір күннің қорытындысы жазылып отырған протоколды сұрағанда, жоғалтып алдық деп желеулетіп қашып кетті. Соңғы күннің қорытындысы мүлдем шықпады және ешкімге көрсетуден бас тартты.
Автор Қазақстанға мәртебе беретін халықаралық жарыстың мұндай бассыздықпен басталғанына ашық пікір білдіреді.
 
"Қазақстанның төрешілері әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан «Ұлы Дала жорығын» мазақ еткендей жарыстан шығарылып жіберілген командаларға (Алматы, Жетісу) орын бергенін қалай түсінеміз? Осы жемқорлықтан қашан құтыламыз деп ойлантып, еріксіз бас шайқатады. Оның қырсығы Маңғыстаудан келген нәзік жандардан құралған «Суын» командасына тиді. Ортадан килігіп, әділетсіз орын бергендіктен 3-орында тұрған «Суын» командасы 5-орынға сырғыды" дейді.
Жадыра Саналбековнаның жазуынша:
1-орынға Кабардин-Балқар Ресей келді.
2-орынға Ақтөбе өтті, бірақ жарыста мал дәрігер мамандар рұхсат бермей жарыстан шығарып жіберген Алматы командасына берді.
3-болып «Суын» командасы келді, бірақ тағы да 3-орынды Ақтөбеге берді.
4-орынға бірін-бірі жетелеп видеода көріп отырғандағыңыздай финишке «Суыннан» екі сағатқа қалып, зорға жеткен Жетісуға берді.
 
Автор осы жазбасы арқылы төрешілердің қыздарға жасаған қиянатын ашып айтады. 
 
«Көкмойнақ» командасы сіздер үшін ішкен асын жерге қойып, маңдайға ұстап баптап отырған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сәйгүліктерін мінгізді. Шабудың тактикасын білмегендіктен сәйгүліктерді ақсаттыңдар, ақырында мәреден екі атпен өтіп, санда да жоқ, сапада да жоқ болып, босқа арамтер болдыңдар. Сендер де Алматы мен Жетісу секілді жарыстан шығарылғанмен, қайта қосылып, ережені бұздыңдар. Осындай жөнсіздіктеріңіз үшін Маңғыстаудың қыздар командасына обал жасадыңыздар. Әуел бастан Маңғыстау азаматтары қыздар командасын менсінбей шығарып салды. Қыздар да атқа шаба ма деп, кейбір жігіттердің езуінде мысқыл ойнады. 18 ге енді ғана келген бүлдіршін қыздар Маңғыстаудың намысын ту етіп, бар жанын салды. Алғашқы күндерінде аттарының күшін сақтай отырып, соңғы күндерде бар күшін салып мәреден үшінші болып өтті. Азаматтармен бірге шауып, бақ сынады. 500 шақырым межені барлық командалар үш атпен аяқтаса, «Суын» бір саты жоғары тұрып, төрт атпен мәреге келгенін қалай көрмейміз? Құйып тұрған жаңбыр да, жердегі иленген балшық та қыздардың жігерін жасыта алмап еді, әттеген-ай, мына әділетсіздік сағын сындырмаса не етсін?" деп жазды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар