Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үш адамның өліміне жүргізуші әйел де кінәлі (ВИДЕО)

13:58, 25 сәуір 2024 724

Алматыда автобус жүргізушісін жолаушы соққыға жығып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Сот отырысы онлайн форматта көрсетіліп жатыр.

Сотта айыпталушы орнында Дархан Ахметжанов отыр, ол жүргізуші Ермек Шөкебаеваны ұрып, артынан ол есінен танып қалған. Салдарынан жантүршігерлік апат орын алды. Ерлі-зайыптылар мен бір ер адам қаза тапты.

Жәбірленушінің ісіне жүргізушінің қатысы болғанымен, зардап шеккендердің туыстары қайғылы оқиғаға ол да толық кінәлі деп санайды, және жазалануын өтініп отыр.

Қаза болған ер адамның жолдасы күйеуінің денесінің жарақаттанғаны соншалық, “балаларға онымен соңғы рет қоштасуға мүмкіндік бермедім”,-  деді.

“Мен қайғыдан қан жұтып отырғанда сіз өз ғашығыңызбен қол ұстасып қыдырып жүрсіз. Күйеуімнің қырқы да өтпеді. Сіздің де өлімге қатысыңыз бар”,- деді қайтыс болған ер адамның әйелі автобус жүргізушісіне.

Айта кетейік, сотталушы тек «Бұзақылық» бабы бойынша кінәсін мойындап, жәбірленушілердің туыстарынан кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 22 желтоқсанында Алматыда адам өліміне әкелген жантүршігерлік оқиға болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар