Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұстанымына берік төраға. Жаңа басшы жиналыстарды тек қазақ тілінде өткізетінін айтты

11:58, 29 мамыр 2024 657

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы Рустам Қарағойшин ерекше мәлімдеме жасады. Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі тілдесуде басшы жиналыстарды тек қазақ тілінде өткізіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Qaz365.kz-ке сілтеп. 

Үкімет кулуарында тілшілердің бірі «Бәйтеректе» бұған дейін мекеме мамандарының басым көпшілігі орыс тілді мамандар болатын. Жиындар орыс тілінде өтетін. Қазір жағдай өзгерді ме?» деп сұрады.

«Бұған дейін ауыл шаруашылық саласында жұмыс істедім. Ауыл адамдарымен кездесіп, осыған дейін тілдесіп келдік. Қазақ болғаннан кейін өзіміздің тілімізді дамыту керек. Сондықтан қазіргі таңда біздің «Бәйтерек» мекемесінің басқарма отырыстары қазақша өтеді. Біз енді әріқарай да қазақ тілін дамытуға тырысамыз. Біреулерге «тек қазақша сөйле» деп қысым көрсету жоқ. Бірінші өзіміз үлгі болып, артымыздан үлес қоссын деген мақсатта қазақ тілінде сөйлейміз», – деді Рустам Қарағойшин.

Естеріңізге сала кетейік, Рустам Қарағойшин «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болып ақпан айында сайланды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар