Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ханзада Жумонгтың ұрпақтары: Кореядан келген құдалардың видеосы желіні жарды

12:45, 14 тамыз 2024 187

Әлеуметтік желіде Кореядан келген құдалардың видеосы тарады. Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көптің пікіріне ие болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

"Кореямен құда болып жатырмыз. Ханзада Жумонгтың ұрпақтары", деп жазды видео авторы.

Алайда видео астына көптің пікірі екіге жарылды. Бірі қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шыққанын қолдаса, бірі мұндай үрдістің белең алып бара жатқанына алаңдаушылық білдіретінін жазды.

"Кореяда той жарты сағат болады, біздегі 6 сағат тойды көріп таңғалған шығар", "көп адамды көріп, шошыған болар", "өте мәдениетті халық", "кореялықтар да әйелінің айтқанымен жүреді екен ғой", "құда болмаған ел қалмады-ау", "той біткенше әрең отырған шығар" деп жазды желі қолданушылары.

Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1800-ден астам пікір жазылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар