Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Индонезия қазақстандық Sergek платформасын пайдалануы мүмкін

15:00, 05 наурыз 2024 453

Индонезия президенті Джоко Видодоға қазақстандық Sergek платформасы ұсынылды. Ол қазір Баликпапан спутник қаласы Нусантарада пилоттық режимде іске қосылған.

Индонезиядағы Sergek платформасының жұмысы жасанды интеллект пен деректерді талдауға негізделгенін атап өткен. Оның басты ерекшелігі - трафикті бақылау мен басқаруды жеңілдету үшін орнатылған бар камералар мен әртүрлі өндірушілердің жаңа камераларын бір ақпараттық тақтасына біркелкі біріктіруге болатыны.

Sergek сонымен қатар жолдардағы көліктер туралы үлкен деректерді (big data) талдауды (жүру уақыты, орташа жылдамдық, қоршаған орта көрсеткіштері) қамтамасыз етеді және қозғалыс ағынының сценарийлерін жасау үшін жасанды интеллектті белсенді пайдаланады.

«Нусантараның ақылды қала тұжырымдамасын, оның ішінде ақылды ұтқырлықты жүзеге асыруға ұмтылысын қолдау мақсатында Sergek компаниясымен серіктестікті ерекше бағалаймыз. Себебі, Sergek шешімдері бүгінгі күнде әлемдегі ең жас космополиттік елорда болып табылатын Астана қаласында ақылды ұтқырлықты дамытуда өзінің құзіреттілігін дәлелдеді», - деді Индонезияның Қазақстандағы және Тәжікстандағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман.

Еске салып өтсек, ағымдағы жылдың ақпан айында ақылды қалаларды құрудағы қазақстандық IT көшбасшысы Sergek Group компаниясы Индонезияда пилоттық жобаны іске қосты. Пилоттық жоба аясында қазақстандық мамандар талдау, мониторинг және көлікті болжау үшін интеллектуалды көлік жүйесін, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді енгізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар