Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Интернетті өшірді: Құлсары әкімдігі халыққа арнайы жасақ алдырған

15:56, 19 мамыр 2024 410

Құлсарыда тұрғындар әкімдікке арнайы жасақ әкелінгенін хабарлады. Бұл туралы Құлсары қаласында жүрген Азаттық тілшісі мәлімдеді.

Мұнда наразылар әкімдік алдында әлі тұр, алайда олардың саны кешегіден аз дейді тұрғындар. Бірақ араға уақыт салып жиналады.

“Түнде екі үлкен автобус келді. Іші толы [арнайы жасақ]. Бұл әкімдік алдында тұрған адамдарды қорқыту амалы. Күш қолдану болған жоқ. Біздің адамдар тыныш тұр” деді 19 мамырда таңертең тұрғындардың бірі Азаттыққа. Тағы бір тұрғынның сөзінше, интернет түнде тағы болмаған. “Кешке өшіп, таңертең қосылатын болып жүр” деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар