Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңды түрде істеймін дегенім үшін осындай былыққа тап болдым - Азамат Сатыбалды

17:46, 24 шілде 2024 307

Белгілі актер Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" былығы туралы Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Мен ұл тәрбиелеп отырмын, менің отбасым бар. Қалтамда ақшам бола тұра,"Қазақфильмде" ақша болса, мен оларды зар еңіретіп жылатып қоятын ит емеспін. Ондай тексіз адам емеспін. Мен ашық адаммын, күнде болмаса да олармен кездесіп жүрмін. Мені көре тұра маған олардың келмей кеткен күні жоқ.

Тура сол күні мен әкімшілікті болдым. Қазақфильмнің жері мәселесімен барғанмын. Ұялы телефонымды тастап кеткенмін. Әкімнің орынбасары кабинетінен шығып, екінші кабинетке бара жатқанымда ғана әкімнің орынбасары Қазақфильмде болып жатқан жағдай туралы айтты. Бір күн бұрын ғана маған анимация қызметкерлерінің кейбіреуі жолықты.

Ол маған: Қазақфильмде жаңа анимация басталады екен. Маған мына қызметті бер, деді. Кейін біз оған бұлай болмайтынын айттық. Жаңа адамдарды конкурс арқылы аламыз дегенімізге айхай шығарып, сендерге көрсетемін деп кетті. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. Барлығы заңды түрде болу керек дегенім үшін осындай жағдай болды", деді Азамат Сатыбалды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар