Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский: "Ресейдің Украинадан кейінгі мақсаты - Қазақстанға оқ жаудыру"

19:27, 25 мамыр 2024 1782

Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет Орталық Азия бұқаралық ақпарат құралдарына, атап айтқанда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан журналистеріне орыс тілінде сұхбат берді. БАҚ-пен кездесу Харьковтағы қираған ғимаратта, майдан өтінде өтті. Қазақстаннан "Орда" басылымы бұған қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Зеленский шамамен екі апта бұрын басталған Харьков облысындағы қақтығыстағы Ресей армиясының шығындары жайлы сөз етті. Ұрыста бір украиналық сардарға сегіз ресейлік әскер қарсы келгенін айтты. 

"Сегіз орыс үшін бір украин. Бірақ Путин өз адамдарына, азаматтарға және әскери мамандардың өміріне ұрғаны бар, мүлдем мән бермейді", - деді Зеленский.

Кейіннен ол Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен ынтымақтастығы туралы айтты. Зеленский Владимир Путиннің кез келген елмен стратегиялық одақ құра алмайтындығын атап өтті.

"Сіздердің бәріңізге 100% оқ жаудырады. Бүгінгі таңда ҰҚШҰ және тағы басқалар- сіздің елдеріңізге әсер ету мүмкіндігі", - деді Зеленский. Ол Ресейдің "ең жақын мақсаттарының" бірі – Балтық елдері, Молдова Республикасы және Қазақстан екенін айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Орталық Азия елдерінің басшылары соғыстағы бейтарап ұстанымына қарамастан, Ресей Федерациясына көбірек жаутаңдайды.

"Сіздің басшыларыңыз Кремльден қорқып, тепе-теңдікке ие емес. <...> Олар қорқады. Олар Путиннен қорқады. <...> Сіздің елдеріңіз мені шақыруға сескенеді, сіздердің елдеріңізде болғанымның өзінен қорқады", – деді Украина басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар