Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зонада бір-бірін «муж и жена» қылатын әйелдер бар»: Шолпан Тоқтархан әйелдер түрмесі туралы

15:20, 05 наурыз 2024 1596

Есірткі сатты деген айыппен 12 жылға жазықсыз сотталған Шолпан Тоқтархан түрмеде көзі көріп, құлағы естіген жайттар туралы баяндады. Түрмедегі әйелдердің өмірі жөнінде ол Абылайхан Өмірбайдың ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

«2006 жылы Астанға барып екі ресторан аштым. Содан біреудің «құйрығын басып» кеттім. Өзім асау ат сияқты ешкімге бой бермейтінмін. Өзі өзім өте сенімді болатынмын, Көбіне ақшамен жұдырықпен шешіп тастайтынмын. Сөйтіп тәкіпарлыққа салынып жүргенде Алла тағала мені тәубәсіне түсірейін деді ме 2012 жылы рестораныма маска киген, каска киген «омондар» ма, «беркут» па сол сияқтылар кіріп келді. Қолымды қайырып ұстап әкетті. Мені ДВД-ға апарды. Ол кезде мен аса қорыққан жоқпын, 100 пайыз сенімді болдым. «Қателесіппіз» деп айтып қазір жібереді деп ойладым. Өйткені ешқандай есірткі сатқан емеспін. Бірақ СИЗО- да 1 жыл бір ай ұстады. Алғашында жылай беретінмін. Кейін етім үйреніп кетті», - деді Шолпан Тоқтархан сұхбатында.

Оның айтуынша, сот отырысында прокурор әйел «12 жылға сотталсын» дегенде саңырау болып қалыпты. Тіпті қан қысымы көтерілген.

«Артынша прокурор әйел қасыма келіп, «мені қарғамаңызшы» деді. Этаппен атақты Карлагқа әкелді. Түрмеде әуелі моншаға апарды. Үлкен сұр ғимарат. Ішінде бірнеше кран ғана істейді. Ішінде бұрыннан жүрген әйелдер суға таласқанда көз алдыма тозақ елестеп кетті. Ондағы нашақор әйелдердің тамырлары көгеріп, жаралары ашылып кеткен, кейбіреулерінен қаны шығап тұрады. Сол кезде «е, Алла тағала, тозақты тірі кезімде көрсетеді екенсің ғой. Мен мойындадым» дедім.

«Хозяйн дегені менің түсінгенім түрме бастығы екен. Ал әйелдердің арасында «смотрящая» деген болды. Камерада ұрыс керісті көбіне төбелеспен шешеді. Барлық камерада пышақ болды. Жасырып ұстайды. Өйткені бірдеңе кесіп жеу керек болады дегендей. Бір-бірін «муж и жена»  қылып алатын әйелдер де болады екен. Бір жолы күйуі болып жүрген әйел этаппен жаңадан келген бір қызға ғашық болып қалып, қасындағы «женасын» бас тартты. Ол әйелі болса қызғаныштан өз ішіне шеге тығып алды», - деді бостандыққа шыққан Шолпан Тоқтархан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар