Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды

16:13, 01 наурыз 2024 415

Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (2019-2022 ж.ж.) Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жариялады.

Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы белгіленіп, халықаралық іздеу жарияланды.

«Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген», – делінген ҚМА хабарламасында.

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды. Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54 8-701-527-10-45

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар