Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зорлықты қолдайды: Әйеліме хиджаб кигіземін деп желіні шулатқан Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсті - іс қозғала ма?

13:11, 25 шілде 2024 788

Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева әнші Ұланғасыр Қамиға қарсы арыз жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Арыз жазған Қостанай Тұрғыны КазТаг редакциясымен хабарласып, мән-жайды түсіндірген.

«Біздің "дәстүрлі" депутаттарымыз неге екенін білмеймін, бірақ осы дауды қозғап, ешкім арыз жазбады. Есесіне бұны мен істедім! Бүгін e-өтініш арқылы ІІМ-ге әншінің әйелдерге қатысты араздықты қоздыру, әйелдерге жеккөрушілік тудыру және әйелдерді/қыздарды зорлықпен өлтіру мен ауыр жарақаттауды ақтау туралы сөздерін тексеруді сұрап арыз жаздым. Арыз тіркелді, көрейік, іс қозғай ма, әлде әдеттегідей жауап  ме», - деп жазды Сисембаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әйел КазТАГ редакциясымен полицияға берген арызының мәтінімен және ІІМ-нің e-Otinish-тен өтінімді қабылдағанын растайтын тіркеу ақпаратымен бөлісті.

«Сіздерден жақында әлеуметтік желілерде бейнеүндеу түрінде кең таралған қазақстандық әнші Ұланғасыр Қами азаматтың мәлімдемесін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес, әйелдерге қатысты жеккөрушілікті және әлеуметтік араздықты қоздыру туралы қарауды сұраймын. Өзінің бұл бейнеүндеуінде Ұланғасыр Қами азамат Конституциямызға қайшы келетін өте радикалды мәлімдемелер жасады! Мысалы, оның айтуынша, цитата: "Күйеулері әйелдерін өлтіреді, өйткені олар хиджаб кимейді"! Менің ойымша,әнші аяусыз өлтіру мен ұруды ақтайды!», - деп жазды арыз авторы.

«Бүкіл ел бойынша танымал тұлғаның мұндай мәлімдемесі әсіресе біздің елде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде, кейбір ер адамдардың әйелдерге, қыздарға агрессивті зорлық-зомбылық пен жеккөрушілікті күшейтуі мүмкін!», - деп жазды Сисембаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар