Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

17 жастағы қыз төртінші әйел болуға дайынмын деп желіде жігіт іздеді

17:21, 08 тамыз 2024 1077

17 жастағы қыз өзін тоқалдыққа ұсынды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.

Кеше «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль өзінің Facebook парақшасында әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеомен бөлісті. Видеода жас қыз жігіттермен танысқысы келетінін айтып жатыр.

 «17 жастағы қарындасым екінші, үшінші әйел болуға дайын. Алматы. Тұрмыста емес, балалары жоқ. Әлхамдулиллах, мұсылман, намаз оқиды. Салмағы: 68, бойы: 162. Орыс және қазақ тілдерін біледі. Колледж бітірген.

Ер жігіт туралы: жасы 18-25 аралығында, ұлты маңызды емес. Балалары болғанына қарсы емес, ең бастысы Қазақстанда тұрса болды. Көп әйел алуға да қарсы емес, көшуге де дайын. Бұл қарындаспен байланысу үшін Telegram-арнаға жазыңыздар. Сілтеме профильдің жоғарғы бөлігінде».

Анна Рыль қыздың жасына назар аударды:

 «Бұл не әзіл ме?» Ол кәмелетке толмаған! Қандай екінші әйел?»

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар