Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізде олардың толыққанды паспорттық деректері бар": Зеленский Ресей жағында қанша қытай азаматы соғысып жүргенін айтты

09:50, 10 сәуір 2025 743

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей армиясы жағында Украинаға қарсы соғысып жүрген Қытайдың 155 азаматы бар, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы ол 9 сәуір күні өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеп, украин арнайы қызметтерінің аталған тұлғалар туралы толық мәліметке ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қытай азаматтарының бұл қақтығысқа тартылуын «аса алаңдатарлық жағдай» деп бағалап, шын мәніндегі қатысушылар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Бізде олардың толыққанды паспорттық деректері бар – туған жері, жасы, Қытай құжаттары. Қайда қызмет етіп жүргенін де білеміз: 70-ші, 71-ші, 255-ші мотожаяу әскер полктері мен өзге де бөлімдерде жүр, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, Қытай азаматтарын әскери құрылымдарға тарту процесі негізінен Қытайдың әлеуметтік желілері, соның ішінде TikTok арқылы жүргізілуде.

Бұл платформаларда Ресей қарулы күштеріне қосылу үшін тиімді жағдайлар ұсынылатыны туралы жарнамалар таралуда. Украина президенті ҚХР үкіметі бұл әрекеттер жөнінде ресми түрде хабардар болмауы мүмкін екенін алға тартып, бұдан бөлек жасырын мобилизациялық арналары да болуы ықтимал екенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар