Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сегіз жыл бала тұрмады": Қарақат Әбілдина өміріндегі ең ауыр сәтін есіне алды

10:58, 10 сәуір 2025 982

Әнші Қарақат Әбілдина өміріндегі ең ауыр кезеңді есіне алып, қажылыққа барған ең алғашқы әсерлі сәтімен бөлісті, деп жазады Alash.KZ.

Қарақат Әбілдина өткен күндері туралы айтып: 

“2007 жылы қасиетті жерге алғаш келген едік. Екінші ұлым, Имашыма 3 айлық аяғым ауыр болатын. Тұңғышымыздан кейін сегіз жыл бала тұрмады. Сол жылы Бекболатымыз бір қауіптен аман қалып, әкемнен айырылып жан дүнием боп-бос, әбіржіген кезімде ұлық Алла өзі шақырғандай жолымыз түседі" деп жазды.

Одан ары әнші қағбаны көзімен көрген сәтін есіне алады.

"Алғаш Әл-Харамға қадам басып, қағбаны көзіммен көрген кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әкем тіріліп келетіндей еңіреп тұрып езілгенім әлі есімде. Бұл қасиетті жерде көзіңе жас алмау тіпті де мүмкін емес сияқты. Жүрек көзің ашылатыны сондай, өзіңнің шынайы табиғатыңды, қайдан келіп, қайда баратыныңды терең сезінесің. Күнделікті тірлікте тағып жүрген түрлі маскаларың шешіледі. Қысқасы, өз пенделік ақиқатыңды білесің”, – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар