Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 баласы бар Жанатбек Бәйтеков әйеліне берген ең маңызды уәдесін айтты (ВИДЕО)

11:50, 26 қараша 2024 1550

Актер Жанатбек Бәйтеков өзін 7 баланың әкесі екенін айтып, әйеліне берген уәдесін орындап жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.  QazaqstanTV телеарнасына сілтеме жасап. 

«1001 түннің» жұлдызды қонағы актер Жанатбек Бәйтеков өзінің отбасы туралы айтып берді. 

Ол үйленген кезде әйеліне бүкіл әлемді аралатамын деп уәде бергенін айтты. Қазақстанның түрлі әдемі жерлерінен бастап, қазір шетелге шықтық дейді. 

«Қазір жұбайыма берген уәдемді орындап жатырмын. Оның көңіл-күйі жақсы болса, ер адамның ісі ілгері басады. Соған көзім жетті. Қазір көпбалалы отбасымыз. Үлкен балам 16-да, кішісі 2-де», - деді актер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар