Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 жылым босқа кетті: Айдай Исаева өкінішін білдіріп, өмірінде ең маңызды қадам жасағанын жариялады

07:17, 12 қараша 2024 2129

Айдай Исаева әншілікке бет бұрды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тележүргізуші, модель Айдай Исаева қыз ұзатуға арналған ән жазғызды. Әннің аты - "Ашылсын сенің бағың". Оның сөзінше, желідегі парақшасына "Мені ұзатып беріңізші" деп өтініш жасайтын қыз көбейген.

"Мен бұрыннан ән айтамын. Бірақ керемет дауысым бар демеймін. Бұл туралы мені бұрыннан танитындар біледі", - деді Исаева NTK телеарнасына берген сұхбатта.

Айдай Исаева 17 жыл бимен айналысқан. Өзінің айтуынша, 15 жасынан музыкалық топтарда ән шырқаған. Алайда өнер жолында жүруіне әкесі қарсы болғанын айтты.

Исаева "7 жылым медицина саласында оқуыма бекер кетт" деп өкінішін білдірді.

"Үйдің жалғыз қызымын, екі інім бар. Әкем сонда «жақсы диплом, жақсы күйеу, сен медицинаға түс, басқаны не істейсің» деген. Медицинада 7 жылым бекер кетті ме деймін. Сондықтан мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Әншілікті қайта қолға аламын деп шештім», - деді жас әнші.
Оның айтуынша, жолдасы тойда ән айтуына қарсы болған. "Бірақ мен оған тойда тек қыз ұзатамын, басқа ән айтпаймын деп сендірдім", -деп ағынан жарылды Исаева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар