Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әблязовтың өтініші бойынша: Тәтішевтің туыстары Тоқмәдиден не үшін ақша талап етті?

18:11, 12 тамыз 2024 647

«ТұранӘлем» банкі АҚ бұрынғы басқармасы төрағасы Ержан Тәтішевтің туыстары кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиден 20 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақыны төлеуді талап етіп отыр. Бұл туралы Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зера Шакерхан айтты, деп хабарлады Alash.KZ сайты Ulysmedia.kz материалына негізделіп.

Ержан Тәтішевтің қазасынан кейін «ТұранӘлем» банкі АҚ басқармасының акционерлер құрамы өзгерген жоқ. Ал біле белсеңіз, мен сіздерге айтайын кәсіпкер Тоқмәдиден 20 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақыны төлеуді талап етіп отыр. Сондықтан қылмыстық істен біреулер пайда тапқысы келген сияқты деп ойлаймын. Өйткені, жәбірленушілер оққағар Козликиннен ештеңе дәметкен жоқ, - деді ол.

СОТ МҰРАТХАН ТОҚМӘДИДІҢ ӨТІНІШІН ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ

Еске сала кетсек, жақында Алматы облыстық соты сотталған Мұратхан Тоқмәдидің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлаған болатын.

2018 жылғы 24 қазанда Тараз қаласында Мұхтар Әблязовтың банкир Ержан Тәтішевті өлтіруін ұйымдастыру туралы ісі бойынша сот талқылауы басталған еді. Іс материалдары бойынша 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішев «ТұранӘлем» банкі АҚ басқарма төрағасы кезінде аң аулап жүрген жерінде қаза тапқан. Ол кезде оның өлімі жазатайым оқиға деп танылды.

Тергеу мәліметтері бойынша кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қолындағы мылтық көлік шайқалғанда кездейсоқ атылып кеткен. 2007 жылы Тоқмәди аң аулау кезінде Ержан Тәтішевке абайсызда өлтірді деген айыппен бір жылға бас бостандығынан айырылып, бірден рақымшылықпен босатылды.

Алайда 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы Тәтішевтің өлімі жазатайым оқиға емес, Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша жасағанын, тапсырыспен кісі өлтіргенін мойындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар