Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әдейі қаралауда". Шерзаттың үйін кім өртеді? - Хасан Қасымбаевтың әйелі шұғыл мәлімдеме жасады

21:07, 08 қараша 2024 1030

Жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың жары Зүлфия Қасымбаева «Barys Media» Youtube арнасына сұхбат беріп, Шерзат өліміне Хасанның еш қатысы жоғын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Осынша ақымақ болу мүмкін емес. Егер оның осыған қатысы бар деп күдікке ілінсе, онда оған өз-өзін ұстап берудің не керегі бар? Дәл сол күні, Хасан Қасымбаевтың ОПГ-ға, ешнәрсеге қатысы жоқ екені ресми түрде жарияланған брифингтен кейін түнде үй өртенді. Әлеуметтік желіде де бәрі тынышталып келе жатқан еді. Менің ойымша, осының бәрі біреуге тиімді. Сол үшін үйді өртеп жіберген. Тергеу жүріп жатыр, барлығы да анықталады. Біреулер Хасанды әдейі қаралап жатыр. Кез келген кәсіпкердің бәсекелестері бар. Оның өртке еш қатысы жоқ. Бұл - ақымақтық. Жолдасымды әрқашан қолдаймын. Қазір оны сол жақта ұстап отыр. Ал егер оның денсаулығы күрт нашарлап, Құдай сақтасын оған бірнәрсе болып, қайтыс болса, кім жауап береді?", - деді Хасан Қасымбаевтың әйелі.   

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?