Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әділетті үкім сұраймын - Уәлихан Бишімбаев

10:32, 29 сәуір 2024 591

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты жарияланды деп хабарлайды alash.kz. Уәлихан Бишімбаев блогерге берген сұхбатында:

«Мен бүкіл қоғамнан кешірім сұраймын. Рақымды болуды сұраймын. Әділетті үкімді сұраймын. Сот әділетті болар деп сенем. Жаратқаннан ұлыма рақым нұрын төгер деп сұраймын», - дейді сотталуышының әкесі. 

Сұхбатта Уәлихан Бишімбаев Салтанат тірі кезінде «неге екеуің жанжалдаса бересіңдер, мен сені Павлодарға апарып тастайын» деген кезде Салтанат «менде үй, көлік, мейрамхана бар, қамтамасыз ететін күйеуім бар, мен не қылам. Ал Павлодарға барсам ешкіммін» деп айтқанын жеткізеді дейді qaz365.kz.

«Ағасы екеуінің өміріне араласқаны көзге ұрып тұратын. Бір кездері үйлерін быт-шыт қылып, балаларға тап беріп, істемегенді істеді. Салтанат менімен сөйлескен кезде ағасы ылғи геолокациямен бақылап отыратынын айтқан», - дейді әкесі.

Өткен аптада Бишімбаевтың сотында ресейлік блогер Наталья Грейс пайда болып, бұл Қазақстанда БАҚ өкілдерінің түсініспеушілігін туғызған еді. Оның алдында сотқа ресейлік журналист Ксения Собчак келіп кеткен. Бұл сотқа ресейлік медианың назары алабөтен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар