Қазір әлеуметтік желіде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Астана тұрғындары коммуналдық қызметтің құны шарықтап кеткенін жарыса жазып жатыр.
Астаналық бойжеткен әлеуметтік желідегі қоғамдық парақшалардың бірінде коммуналдық қызметтің шотын көрсетіп, жағасын ұсынған.
Оның айтуынша, ол аумағы 36 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерде жалғыз тұрады, бұған дейінгі төлемнің бәрін төлеп қойған.
«Тағы кімнің коммуналдық қызметі қымбаттап кетті? Ай сайын кешіктірмей төлеп тұрамын. Суға келген есеп осындай. Оларға барып мәселені шешетін уақыт та жоқ», – деп жазды ол.
Жазбаға пікір қалдырған қала тұрғындары да осындай жағдайға тап болғандарын айтып, кеңес берді:
«Кейде көршілердің көрсеткіштері қосылып кетеді. Мүмкін бұл ОДН арқылы бүкіл үйге келген шот шығар», – дейді бір қолданушы.