Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай Ресей газын Қазақстан арқылы тасымалдауды тым қымбат деп санайды

11:17, 17 сәуір 2025 211

Бұл туралы Қытайдың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй Еуразиялық мұнай-газ форумының кулуарында журналистерге мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

«Ресейден Қазақстан арқылы газ жеткізу мүмкін емес, өйткені ол бағытта тек бір ғана газ құбыры бар, ол қазірдің өзінде толық жүктелген. Егер осы маршрутпен ресейлік газды жеткізсек, жаңа құбыр салуға тура келеді, бұл өте қымбат. Ресейлік тарап мәселені зерттеп жатыр, бірақ бұл шын мәнінде мүмкін емес», — деді елші.


Оның пікірінше, екі ел үшін бағасы бойынша келісу оңай болатын «Сібір күші – 2» жобасына назар аударған жөн.

Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, жоба бойынша келісімге қол жеткізілген. Қазір газ құбыры Моңғолия аумағымен өте ме, әлде Ресей шекарасында қала ма — осы мәселе қаралуда.

2024 жылдың соңында Ресей вице-премьері Александр Новак Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы газ құбырын салу жобасы әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын. Оның қуаты жылына 45 млрд текше метрді құрайды, оның 10 млрд текше метрі Қазақстанның газдандырылуына жұмсалады.

Ал «Сібір күші – 2» газ құбыры Ямал мен Батыс Сібір аумағынан Қытайға тартылуы тиіс. Жобаның жоспарлы қуаты — жылына 50 млрд текше метр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар